Қазақстан полициясы ресей номерлі көліктерді еш себепсіз тоқтатпауға уәде берді
Қазақстан полициясы ресейлік нөмірі бар көлікті еш себепсіз тоқтатпауға уәде берді, деп хабарлайды «Хабар 24″.
«Бүгіннен бастап жол қозғалысы ережелерін бұзбаған ресейлік автокөліктер тоқтатылмайды», — делінген сейсенбідегі хабарламада.
Бұл туралы арна тілшісіне «көлік иелерімен кездесуде әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары мәлімдеді».
«Егер полиция қызметкерлері көлікті еш себепсіз тоқтатса, «102» қызметіне немесе +7-708-382-13-76, 7172-71-69-77, 7172-67-75-75 нөмірлері бойынша Call-орталықтарға қоңырау шалуға болады», — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, өткен екі күн ішінде Қазақстанда ресейлік тіркелген автокөліктер жаппай айыппұл тұрағына қамалды, ал жүргізушілерге айыппұл салынды. Полицияның Ресей тіркеуі бар 88 мың автокөлікті анықтап, айыппұл тұрағына қою жоспарлары туралы хабарланды. Жағдай бүкіл Қазақстан бойынша автокөлік иелерінің наразылығын тудырды. (ҚазТАГ)