17.11.2021 в 12:58 7 0

Орал тұрғынына «Фейсбуктегі» жазбалары үшін екі жылға бас бостандығынан шектеу төніп тұр

16 қарашада Орал қалалық сотында ҚР ҚК 405-бабы 2-бөлігі «Тыйым салынған экстремистік қозғалысқа қатысу»бойынша айыпталушы Орынбай Охасовтың ісі бойынша сот жарыссөзі өтті. Прокурор Охасовты екі жылға бас бостандығын шектеуді және үш жыл мерзімге митингілер мен жиналыстарға қатысуға тыйым салуды сұрады.

46 жастағы Орынбай Охасовқа полиция митингтерге қатысып, «Фейсбук» әлеуметтік желісінде Қазақстанда тыйым салынған «ДВК» және «Көше партиясы» партиялары туралы ақпарат таратты деген айып тақты.

Прокурор Өтегенов өз сөзін Қазақстанда «Қазақстанның демократиялық таңдауы» және «Коше партиялары» партиясының экстремистік деп танылғанын және олардың қызметіне Қазақстанның бүкіл аумағында сот тыйым салғанын айтты. Сотталушы Охасов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында осы партиялар туралы ақпарат таратып, осы митингтерге қатысқаны туралы жазды.

— Охасов Орынбайды ҚР ҚК 405-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмысқа кінәлі деп тануды сұраймын. Оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын, — деді мемлекеттік айыптаушы Өтегенов.

Прокурор соттан Охасовқа қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға, атап айтқанда: түрлі конференцияларға, жиналыстарға, азаматтар жиындарына, митингтерге 3 жыл мерзімге қатысуға тыйым салуды сұрады.

Сотталушы Охасовтың өзі кінәсін мойындамады және сотқа елдің Негізгі Заңы – Конституция оған өз пікірін білдіруге құқық беретінін айтты.

— Иә, Мен Назарбаевтың саясатын сынға алдым, бірақ Конституция елімізде сөз бостандығына кепілдік береді. Бейбіт адам шындық үшін сотталады, ал бұл кезде сыртқы істер министрі Ауғанстандағы Талибан қозғалысымен кездеседі. Мен мұнда ешқандай логиканы көрмеймін. Жалпыға ортақ өтірік кезінде шындықты айту-экстремизм, — деп өз ұстанымын жеткізді Орынбай Охасов.

Бұл іс бойынша үкімнің жариялануы 2021 жылғы 18 қарашаға белгіленген. Процесс Орал қылмыстық сотында судья Қайрат Өтешевтің төрағалығымен өтуде. 2021 жылы Орынбай Охасов бейбіт митингтерге қатысқаны және өз пікірін білдіргені үшін үш рет әкімшілік қамауға алынды.

Толығырақ: Оралда бірқатар құқық қорғау ұйымдары азаматтық белсенді Охасовты саяси қудалауға қатысты алаңдаушылық білдірді

Оралда азаматтық белсендінің Фейсбуктегі посттары мен митингтерге қатысқаны үшін соты жүріп жатыр

Оралда белсенді Орынбай Оқасов қатарынан үш рет әкімшілік қамауға алынды

Талғат Омаров

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61