18.11.2021 в 14:19 5 0

БҚО билігі коммуналдық тұрғын үйге кезекте тұрғандар үшін 5 млрд. теңгеге пәтер сатып алуды жоспарлап отыр

2022 жылдың өзінде облыстық құрылыс басқармасы жетім, мүгедек, жалғыз басты аналар мен бюджет қызметкерлерінен тегін шаршы метрлерге кезекте тұрғандар үшін 100 пәтерлік үйді бірыңғай пулмен сатып алуға дайын.

БҚО бойынша құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте түсіндіріп өткендей, жаңа жылдан бастап «Нұрлы жер» бағдарламасына жаңа ережелер енгізілуде — жергілікті атқарушы органдар өз міндеттемелері бойынша тұрғын үй салмай, ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін дайын үйлерді жеке құрылыс салушылардан сатып ала алады.

Өз тарапынан, жергілікті әкімдіктер құрылыс компанияларына үй салу үшін жер учаскелерін беріп, оларға өз есебінен инженерлік коммуникациялар жеткізетін болады.

Құрылыс салушылар өз кезегінде дайын үйлердегі пәтерлердің 50% — на дейін шаршы метрі 200 мың теңгеден аспайтын бағамен әкімдіктерге сатуы тиіс.

Қалған пәтерлерді жеке компаниялар бір шаршы метріне 210-220 мың теңге бағамен сатуға құқылы.

— Осы сәтті пайдаланып, мен Облыстың құрылыс компанияларына жүгінгім келеді. Егер Сізді осы ұсыныс қызықтырса және сіз жергілікті атқарушы органдармен келісім жасауға дайын болсаңыз, өз өтінімдеріңізді қала және аудан әкімдіктеріне беріңіз. Біз кез келген ұсынысты қарастыруға дайынбыз, – деді Әлібек Антазиев. – 2022 жылға жеке құрылыс салушыдан кезекте тұрғандар үшін 100 пәтерлік үйді бір пулмен сатып алуға дайынбыз. Бізде 2022 жылға осы мақсаттарға 5 млрд теңге қарастырылған, құрылыс салушылар үшін жұмыс жүргізілетін болады.

Людмила КАЛАШНИКОВА

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61