Орал ХҚКО-ның қызметкері жеке деректерді жария еткен
Бұл факт БҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ішкі тексеру жүргізген кезде құпия сатып алушының көмегімен анықталды. Осы жылы Қазақстанда осындай 8 жағдай анықталды, деп хабарлайды «ОА» тілшісі.

Бүгін, 19 қарашада «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының филиалында өткен «Нұр Отан» партиясының көшпелі отырысында партиялық бақылау жөніндегі инспектор Афиза Семғалиева биыл Қазақстанда азаматтардың жеке деректерін үшінші тұлғаларға берудің 8 фактісі тіркелгенін хабарлады. Осындай фактілердің бірі Оралда орын алды.
Осыған байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Надір Кұрымбаев (суретте) деректерді жария ету фактісі құпия сатып алушының әдісімен ішкі тексеру кезінде анықталғанын, оның ведомствосының қызметкері клиент түрінде ХҚКО-ға жүгініп, оған қызмет көрсететін маман талап етілетін адам бойынша барлық төлқұжат деректерін ашқанын айтты.
— Бұл маманға қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза жарияланды. Егер бұл дерек қайталанса, қызметкермен еңбек шарты бұзылады, — деді Нәдір Құрымбаев.
Талғат Омаров
Фото Еркебұлан Гапуов