БҚО-да Ақсай трассасын жөндеуге ақшаны қайдан табуға болатынын білмей бас қатыруда (ВИДЕО)
«Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы» трассасын қайта жаңартудың болжамды құны 77 миллиард теңгені құрайды. Қазіргі уақытта ол бойынша барлық жобалық-сметалық құжаттама дайын, жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат табу қалады.

«Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» республикалық жолының ұзындығы — 144 километр. Орал мен Ақсайдың көптеген тұрғындары жылдамдықты шектеу белгілері күлкі тудыратын осы жолмен бірнеше рет жүрді, өйткені онда шоқалақтар мен шұңқырлардың салдарынан 70-80 шақырымнан асып кету мүмкін емес. Бұл жолмен бір сапар бір сағат ішінде автомобильдің жүріс бөлігін «бүлдіруі» мүмкін, ал шұңқырларды айналып өту үшін жүргізушілер қарсы жолға шығады. Ең «бүлінген» учаске — Федоровка ауылынан Бөрлі ауылына дейінгі бөлік.
— Бұл жолға қатысты шағымдар өте көп, онда 15 километрде асфальт жабыны жоқ учаске бар. Қазіргі уақытта бұл жол «Нұрлы жол»бағдарламасына енді. Оны қайта құру жоспарлануда: жолақтардың саны өзгеріссіз қалады, бірақ жол бөлігі артады. Қазір жобалық-сметалық құжаттама дайын. «Қазавтожол» орталық аппараты, министрлік және облыс әкімдігімен бірге қаржыландыру көздері бойынша түрлі нұсқаларды қарастырып жатырмыз, — деді БҚО бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК «АҚ директоры Әмір Кәрімбаев.
Кәрімбаевтың айтуынша, егер осы қыста өңірдегі жолдарға жауапты барлық тараптар қаржыландыру көздерін анықтап, конкурс өткізсе, келесі жылы «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы»трассасын қайта жаңарту жұмыстары басталуы мүмкін. Автожолдың 144 шақырымын қайта жаңартудың болжамды құны – 77 миллиард теңге.
«Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» жолы өткен ғасырдың 70-ші жылдары, Кеңес Одағы кезінде салынған. Бір тәулікте үш мыңнан астам автокөлік жүреді.
Талғат Омаров
Еркебұлан Гапуовтың бейне материалы